2015 жылғы 24 сәуір, Астана қаласы
Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі
__________Ә.Исекешев ___________ Е.Досаев
2015 жылғы «_____»________ 2015 жылғы 16 мамыр
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі №280 бұйрығына 1-қосымша
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) порталға өтініш білдірген кезде:
құжаттар топтамасын берген сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) куәлікті қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) куәліктіі телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын беру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімдеу, телнұсқа беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан - әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алуға қағаз тасығышта өтініш берген жағдайда электрондық нысанда ресімделген кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
7. Мемлекеттік, көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылды).
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін, кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды порталда толтыру қажет.
Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші «электрондық қызметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарттық жүйелерден алады.
Көрсетілген қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
заңды тұлға шағымды жазбаша түрде Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша береді.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымды қабылдаудың растамасы Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөр, кіріс нөмірі мен күні), шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға алынған жауап орнын, көрсетілетін қызметті берушінің мерзімі мен орнын көрсету болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.minfin.gov.kz;
2) порталда: www.egov.kz орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігіне ие болады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz., мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Өтiнiш
____________________________________________________________________
(кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы, БСН)
____________________________________________ қызметтi жүзеге асыру үшiн
________________________________ аккредиттеудi (қайта рәсімдеуді, телнұсқа
беруді) сұраймын.
Орналасқан жері: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
20__ ж. «__»____________________
Кәсiби аудиторлық ұйымның басшысы ____________________________________
(Т.А.Ә. болған кезде)
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Мәліметтер нысаны
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізбесі
Мүшелер ________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(кәсіби аудиторлық ұйымның атауы, БСН көрсетіледі)
№ 1 кесте
Аудитор-дың ЖСН Ауди- тордың тегі Ауди- тордың аты Аудитордың әкесінің аты (болған кезде) Почта индексі Ел/облыс/аудан/ ел-ді мекен Көшенің атауы Үйдің нөмірі
1 2 3 4 5 6 7 8
№ 1 кестенің жалғасы
Үйдің индексі Пәтердің/офистің нөмірі Теле-фоны Біліктілік куәлігінің нөмірі Біліктілік куәлігінің берілген
күні Кәсіби ұйым-ға өту күні Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі Жұмыс орны (ауди-торлық ұйымның атауы)
9 10 11 12 13 14 15 16
№ 2 кесте
Аудитор-лық ұйымның БСН Аудитор-лық ұйымның атауы Почта индексі Ел/облыс/аудан/елді мекен Көшенің атауы Үйдің нөмірі Үйдің индексі Пәтердің/офистің нөмірі Телефон нөмірі
1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 2 кестенің жалғасы
Соңғы тіркеу/ қайта тіркеу күні Аудитор-лық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия нөмірі Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның берілген күні Кәсіби аудиторлық ұйымға өту күні Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжат-тың немесе мүше-лік билетінің нөмірі Аудиторлық ұйым басшысының ЖСН Аудиторлық ұйым басшысының тегі Аудиторлық ұйым басшысының аты Аудиторлық ұйым басшысының әкесінің аты (болған кезде) «Аудитор» білікті-лік куәлігінің нөмірі
10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
Жұмыс органдарының құрылымы, бар болуы туралы мәліметтер
Кәсіби аудиторлық ұйымның құрылымы (комитеттер, бөлімдер және т.б.)
р/р № Кәсіби аудиторлық ұйым бөлімшесінің атауы Бөлімше басшысының ЖСН Бөлімше басшының тегі Бөлімше басшының аты Бөлімше басшының әкесінің аты Лауазымының атауы Байланыстелефоны Бөлімше басшысының лауазымы Аудитордың ЖСН Аудитордың тегі Аудитордың аты Аудитордың әкесінің аты (болған кезде) Аудит саласындағы жұмыс тәжірибесі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
сапаны бақылау бойынша
халықаралық аудит және қаржылық есептілік стандарттары бойынша
аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша
этика мәселелері бойынша
дауларды қарастыру бойынша
*
Ескертпе:
*кәсіби ұйымдардың басқа жұмыс органдары (комитеттері) болуы мүмкін.
Кәсіби аудиторлық ұйымның басшысы __________________________________________
(Т.А.Ә. болған кезде)
_________________
(күні)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі
№280 бұйрығына 2-қосымша
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - ХҚКО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы;
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
лицензия беру - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта рәсімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;
заңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу - 15 (он бес) жұмыс күні.
лицензияның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар алынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, лицензия электрондық пішінде ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюджетке «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексi) сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленеді:
1) аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын бергенi үшiн лицензиялық алым лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ веб-портал арқылы төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚКО құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, ХҚКО белгіленген жұмыс кестесі бойынша күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі:
ХҚКО:
1) лицензия алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;
басшының және аудиторлардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк куәліктерін беру туралы мәліметтерінің нысаны;
Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті-аудиторлық ұйым құрылған кезде жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзiнiң мәртебесiн растау үшiн мыналарды:
өзi резидентi болып табылатын елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы немесе мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы хаттың түпнұсқасы, оның нотариалды расталған аудармасымен бiрге не лицензияның нотариалды расталған көшiрмесiн;
шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы кәсiби аудиторлық ұйымның мүшелiгі туралы құжатты ұсынады;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;
қайта ресімдеу үшін негіздемені растайтын құжат (құрылтайшылар шешімі).
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алатын кезде бұрын берілген лицензияны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтердің нысандары және құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
4) лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда);
мерзімді баспа басылымдарында жариялау туралы себептері мен мәліметтерін көрсете отырып, ерікті нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;
Порталда:
1) лицензия алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес басшының және аудиторлардың бiлiктiлiк куәліктерін беру туралы мәліметтерінің нысаны.
Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті - аудиторлық ұйымды құрған кезде жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзiнiң мәртебесiн растау үшiн:
лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн не өзi резидентi болып табылатын елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы немесе мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы хаттың электрондық көшірмесін нотариалды куәландырылған аудармасымен бiрге;
шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын кәсiби аудиторлық ұйымның Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесi екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады.
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;
қайта ресімдеу үшін негіздемені растайтын құжат (құрылтайшылар шешімі).
3) лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда):
мерзімді баспа басылымдарында жариялау туралы себептері мен мәліметтерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензиялар туралы ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Егер лицензия қағаз тасығышта берілген болса, көрсетілетін қызметті беруші телнұсқасын алмастан, өтініші бойынша оны электрондық пішінге аударуға құқылы.
ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасының электрондық көшірмесін алып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
ХҚКО арқылы құжаттар алынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
ХҚКО дайын құжаттарды беру жеке басының (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) куәлігін берген кезде тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат негізінде жүзеге асырады.
ХҚКО нәтижені бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағаннан кейін бір ай өткен сон ХҚКО сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚКО дайын құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажет құжаттар тізбесі мен оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) субъектiлердiң осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш тапсырған жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негiзiнде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, ХҚКО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу орны мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда, ХҚКО қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚКО тікелей басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
ХҚКО қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымның ХҚКО кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және ХҚКО арқылы көрсетілетін мелекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетуі үшін адамның өзін өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, құжаттар қабылдауда бағдарлай алуымен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуын ХҚКО қызметкері 1414 Бірыңғай - байланыс орталығы арқылы жүгіну тәсілімен тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізеді.
14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің: www.minfin.gov.kz;
ХҚКО: www.con.gov.kz,
порталдың: www.egov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-76-56, 71-81-42, 71-81-53, 71-80-79, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша
алу үшін заңды тұлғаның өтініші
_____________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
___________________________________________________________________
______________________________ жүзеге асыруға лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны
қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) почталық индексі, елі, облысы, қаласы,
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық почта ___________________________________________
Телефондары _____________________________________________
Факс _________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы __________________________________________________________
(почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қол жетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________ ________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Басшы мәліметтерінің нысаны
Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы басшының қызметі туралы мәліметтер
Басшының аты-жөні (болған кезде)___________________
Басшының ЖСН ____________________________________
№ Жұмыс орны Лауазымы Жұмысқа қабылдау туралы бұй-рықтың нөмірі Жұмысқа қабылдау туралы бұй-рықтың күні Жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні
1 2 3 4 5 6 7
«аудитор» біліктілік куәлігі туралы басшының мәліметтері
№ Куәліктің берілген күні Куәлік нөмірі «аудитор» біліктілігін берген ұйымның атауы
1 2 3 4
Аудиторлар мәліметтерінің нысаны
Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы аудитордың қызметі туралы мәліметтер
№ ЖСН Ауди-тордың аты-жөні Жұмыс орны Лауа-зымы Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні Жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні
1 2 3 4 5 6 7 8 9
«аудитор» біліктілік куәліктері туралы аудиторлардың мәліметтері
№ Куәліктің берілген күні Куәліктің нөмірі «аудитор» біліктілігін берген ұйымның атауы
1 2 3 4
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)
толық атауы)
20___ жылғы « » ___________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес
(тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
жеке шығу ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада
көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына
объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша
берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі __
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап
болған жағдайларда ____
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық почта _____________________________________________
Телефондары __________________________________________________
Факс _________________________________________________________
Банк шоты _____________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ____________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, почталық индексі, елі, облысы, қаласы,
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қол жетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________ ________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша
Нысан
(Тегі, аты, болса, әкесінің аты (болған кезде)
(бұдан әрі – аты-жөні) не көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы)
______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі